ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЗДІҢ САЯСАТЫМЫЗ

Біздің өзара сенімділік және этикалық құндылықтарға негізделген корпоративтік мәдениетіміз қызметкерлермен жұмыс жүргізу саясатының негізі болып табылады.

Қызметкерлерді басқару бөлімінің негізгі міндеті біліктілігі жоғары үміткерді жұмысқа қабылдау, оны оқыту, біліктілігін арттыру болып табылады.

Біздің мақсатымыз - қызметкерлерді басқару саласындағы стратегиялық саясатты басшылыққа ала отырып, қызметкерлердің жұмыс жағдайын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету, компанияның дамуына септігін тигізетін көшбасшыларды дайындау және даму тұрақтылығын қамтамасыз ету.