ӨТІНІМДЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау үрдісі түйіндеме жіберген кезден басталады. Біріншіден, біз Сіздің білім деңгейіңізді және жұмыс тәжірибеңізді бағалауға, сондай-ақ бос лауазым талаптарына сәйкестігіңізді анықтауға тиіспіз. 

Егер Сіздің тәжірибеңіз және біліктілігіңіз бос лауазым талаптарына сәйкес болса, біз міндетті түрде Сізді сұхбаттасуға шақырамыз.

Талаптарға сәйкес келмейтін түйіндемелер келешекте бос орындар болған жағдайда қарастырылу мақсатында біздің дерекқорымызда сақталады. Бос жұмыс орындарына арналған конкурс жарияланып, Сіздің түйіндемеңіз талаптарға сәйкес болған жағдайда, Компания өкілі Сізбен хабарласады. Бұдан кейін, кадр бөлімінің мамандары үміткерлермен сұхбат жүргізеді. Сұхбат нәтижесі үміткердің электрондық поштасына жіберіледі.

Назар аударғаныңыз үшін рахмет.