БIЗ ТУРАЛЫ

«Гате Иншаат Тааххют Санайи ве Тесисат А.Ш.»( АҚ) «ГАМА ИНДАСТРИ ТЕСИСЛЕРИ ИМАЛАТ ВЕ МОНТАЖ А.Ш.»( АҚ) және «ТЕКФЕН ИНШААТ ВЕ ТЕСИСАТ А.Ш.» мердігерлік жұмыстар саласындағы екі жетекші компаниясының серіктес компаниясы болып табылады. «ГАМА Индастри» және «ТЕКФЕН Иншаат» компанияларының 50 жылдық тәжірибесі «Гате Иншаат» компаниясы үшін бағалы болып табылады. 

«Гате Иншаат» компаниясы Қазақстан Республикасында «ГАМА Индастри» және «ТЕКФЕН Иншаат» компаниясы қызметінің тиімді дамуына бағытталған стратегиялық әріптестігі төңірегінде бірлескен мақсатқа жету үшін 2002 жылы Стамбулда құрылды. Қазақстан Республикасындағы қызметін 2003 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарынан бастады.

«Гате Иншаат» компаниясы Қазақстан Республикасында жобалау, құрылыс және монтаждау жұмыстары бойынша 1-ші санатты лицензиясының иегері, сондай-ақ сапа стандарты ISO 9001, қоршаған ортаны қорғау бойынша ISO 14001 стандарты және гигиена және еңбек қауіпсіздігі бойынша OHSAS 18001 стандарты бар компаниясы болып табылады. Гате компаниясы мықты сенімінің арқасында, өз қызметін дамыту мақсатында қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және топтық жұмысты қолдауға, жоғары сапалы стандарттарды орындауға ұмтылады.

«Гате Иншаат» компаниясы Қазақстан Республикасының әл-ауқатын арттыру үшін 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін көптеген маңызды нысандарды белгіленген мерзімде және берілген бюджетке сәйкес аяқтағандығын мақтан тұтады. «Гате Иншаат» компаниясының қызметі әлеуметтік ортамен тығыз байланыста жұмыс жасауға бағытталған. Біз әлеуметтік ортаны, яғни әлеуметтік жобаларды қолдаймыз, сондай-ақ білікті қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде жергілікті жұмыс күшіне назар аударамыз. Осыған байланысты, біздің компания Қазақстан азаматтарының біліктілігін арттыруға бағытталған кәсіби оқытуды ұйымдастырады.