НЕГIЗIН ҚАЛАУШЫ ФИРМА

«ТЕКФЕН ИНШААТ ВЕ ТЕСИСАТ А.Ш.» 

«Текфен Иншаат ве Тесисат А.Ш.» (АҚ) (www.tekfeninsaat.com.tr) компаниясы өз қызметін 1956 жылы инженерлік кеңес беру саласында бастады. Елу жыл бойына бизнесті халықаралық тәжірибеге сүйене отырып басқаруы нәтижесінде, компанияның тұрақтылығы және дамуы қамтамасыз етілді. 

Қазіргі уақытта «Текфен Холдинг А.Ш.» компаниясының «Текфен Иншаат ве Тесисат А.Ш.» атты еншілес кәсіпорны Түркия, Орта Шығыс, Солтүстік Африка, Кавказ және Орталық Азия, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде өзінің табысты қызметін беделді халықаралық мердігерлік компаниясы ретінде жүзеге асыруда. Компания әр түрлі және кең ауқымды нысандар құрылысын, соның ішінде мұнай өңдеу және мұнай-химия ғимараттары, тұрғын аудандары мен ірі өндірістік нысандар, теңіз құбырлары мен электр станциялардың құрылысы, электр және байланыс желілерінің құрылысын жүзеге асырады. «Текфен» компаниясының еншілес кәсіпорындары мен стратегиялық әріптестерімен бірлескен қызметі әлемдік деңгейдегі жетекші тапсырыс берушілерден құралған.

«Текфен» компаниясы ISO 9001 сапа стандарты, қоршаған ортаны қорғау бойынша ISO 14001 стандарты және гигиена және еңбек қауіпсіздігі бойынша OHSAS 18001 стандартының талаптарын орындай отырып, мықты сенімінің арқасында, өз қызметін дамыту мақсатында қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және топтық жұмысты қолдауға, жоғары сапалы стандарттарды орындауға ұмтылады.