САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ:
«Гате» компаниясының мақсаты - клиенттері мен мүдделі тұлғалардың талаптарын жүзеге асыру, компанияның кірісін ұлғайту, сондай-ақ Қазақстандағы құрылыс саласының көшбасшысы атағын иелене отырып, мердігерлік жұмыстар саласында «өз сөзіне берік болу»; сонымен бірге, негізгі қызметін жүзеге асыра отырып, қызметкерлер, үшінші тұлғалар, мүлік және қоршаған ортаны қорғау қатысында ықтимал шығынның немесе зиянның пайда болуына жол бермеу болып табылады.

БІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІМІЗ:
«Гате» компаниясы өз қызметін тапсырыс берушілердің қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес орындайтынына кепілдік береді және қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етеді. 

БІЗДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫМЫЗ:
«Гате» компаниясы өз қызметін төменде көрсетілген қағидаларға сәйкес жүзеге асыруға міндеттеледі:
• Басшылары мен қызметкерлері тапсырыс берушілердің тиісті заңдарын, жарғыларын, нұсқаулықтарын, стандарттарын және шарттарын, сондай-ақ еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды мүлтіксіз орындауға жауапты,
• Шұғыл (апаттық) жағдайларға әрдайым дайын болу,
• Жазатайым оқиға, жарақат және кәсіби аурудың алдын алу үшін қажетті іс-шараларды қабылдау,
• Электр энергиясын және табиғи көздерді тұтынуды барынша азайту арқылы қоршаған орта ластануының алдын алу,
• Өндіріс қалдықтарын өңдеу және қайта пайдалану қағидаларын қолдай отырып, оның санын азайту,
• Адалдық, инабаттылық, ашықтық және әділдікті бағалай білу,
• Адам құқықтарын, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды құрметтеу,
• Тапсырыс берушінің талаптарын тиісті түрде орындау, жөндеу жұмыстарының санын азайту, сондай-ақ жұмыс бағасын түсіру,
• Басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, жаңа технологияларды игере отырып, жұмысын әрдайым жетілдіруге тырысу.
• Қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру әрбір қызметкердің жауапкершілігі екендігін түсінуі, сондай-ақ қауіпті жұмысты тоқтатуға жауапты қызметкерлердің және сапа мен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі жауапты қызметкерлердің болуын қамтамасыз ету.